Қазақстан Республикасы құзыретін таныған адам құқықтары жөніндегі шарттық органдарының сұрау салулары мен пайымдауларын қарау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті

А.ж. 9 қарашада Әділет Вице-министрі А. Ахметованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы құзыретін таныған адам құқықтары жөніндегі шарттық органдарының сұрау салулары мен пайымдауларын қарау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының (бұдан әрі – ВЖТ) отырысы өтті.

Отырысқа Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Сыртқы істер, Ақпарат және қоғамдық даму және Әділет министрліктерінің өкілдері қатысты.

ВЖТ отырысы барысында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің С. Глушкованың № 4155/2022, № CCPR/C/131/D/2676/2015  А. Цукановтың № 2676/2015, № CCPR/C/132/D/2509/2014 Ш. Куракбаевтің және Р. Сабдикенованың № 2509/2014 хабарламаларына қатысты пайымдаулары мен сұрау салулары қаралды.

Қарау нәтижелері туралы а.ж. 18 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің веб-сайтында хабарланатын болады.

Дата публикации
09 ноября 2022