«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде:

41-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қарыз туралы халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша Үкімет қаулыларының жобалары мүдделі орталық мемлекеттік органдармен қарыз туралы халықаралық шарттардың жобаларымен бір мезгілде келісілуге тиіс.»;

45-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына қарыз туралы халықаралық шарттарды ратификациялау және олардың күшін жою туралы заң жобаларын енгізу туралы қаулылардың жобалары мемлекеттік органдармен 3 (үш) жұмыс күн ішінде келісіледі.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                   Ә. Смайылов

 

Түсіндірме жазба
Дата публикации
17 ноября 2022