№452 от 28.05.2024
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қызметін ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің регламенті бекітілсін.
2. Мынадай бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 627 бұйрығы;
2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 627 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 30 қыркүйектегі № 703 бұйрығы;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықты құрылымдық бөлімшелердің, аумақтық әділет органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың назарына жеткізсін.
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің регламенті талаптарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрлеріне және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А.Н. Есқараев