№ 930 от 15.11.2022
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Сериккали Жантуякович Мусапарбековке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 25 желтоқсанда берілген № 14019669 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Абай облысы Әділет департаменті:
1) жекеше нотариус С.Ж. Мусапарбековтың мөрін жою ұйымдастырылсын;
2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус С.Ж. Мусапарбековтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Абай облысы нотариаттық палатасының 27.10.2022 жылғы № 475 ұсынысы, 26.10.2022 ж. қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарламасы.
Вице-министр А. Ахметова