Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                Ә. Смайылов

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2022 жылғы «        » №

қаулысымен бекітілген

 

1. «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

8-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

«8. Әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасы жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.»;

45-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«45. Заңның 35-1-бабы негізінде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерінің әзірленген жобалары мемлекеттік тіркеуге жіберілгенге дейін әділет органдарымен міндетті түрде келісілуге тиіс.

Әзірлеуші орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобалары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне (бұдан әрі – Әділет министрлігі) міндетті түрде келісуге жіберіледі.

Жергілікті әзірлеуші мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобалары аумақтық әділет органдарына міндетті түрде келісуге жіберіледі.»;

49-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте электрондық құжат айналымы кезінде жобаны ЭЦҚ арқылы әзірлеуші мемлекеттік органның заң қызметінің басшысы келіседі, ал қағаз құжат айналымы кезінде тиісті жобаны келісуге жіберген мемлекеттік органның көрсетілген лауазымды адамы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам нормативтік құқықтық акт жобасының барлық парақтарын дәйектейді.»;

50-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

«Жергілікті мемлекеттік органда заң қызметі болмаған жағдайда, нормативтік құқықтық актінің жобасын осы органда заңгер функцияларын орындайтын адам не әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы не ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқаратын адам келіседі (қол қояды).»;

57-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«57. Нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау қорытындылары бойынша әділет органдары және келісуші мүдделі мемлекеттік орган немесе ұйым жауаптың мынадай нұсқаларының бірін ұсынады:

1) ескертулерсіз келісу;

2) пысықтауға қайтару;

3) заң техникасы бойынша пысықтауға қайтару;

4) келісуден бас тарту.

Бұл ретте жобаларды заң техникасы бойынша пысықтауға қайтаруды әділет органдары заң техникасының сақталмауына байланысты және жобаның мағыналық мазмұнының өзгеруіне әкеп соқпайтын ескертулер бойынша жобаларға қатысты жүзеге асырады. Пысықталғаннан кейін мұндай жобалар басқа мүдделі органдармен және ұйымдармен қайта келіспей әділет органдарына жіберіледі.

Пысықтауға қайтару немесе келісуден бас тарту туралы жауап болған жағдайда, нақты ескертулер және (немесе) қаралған жобаның тиісті нормаларының негіздемелерімен және (немесе) ұсынылатын редакцияларымен бірге ұсынылады, олар келісуші мемлекеттік органның құзыретіне тікелей қатысты болуға тиіс.

Мүдделі мемлекеттік органдармен келісу кезінде электрондық түрдегі жауаптар орталық немесе жергілікті орган басшысының, басшысы орынбасарының не тиісті жергілікті органның аппарат басшысының немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен, ал қағаз түрінде – жоғарыда көрсетілген лауазымды адамдардың қолымен куәландырылады.

Әділет органдары нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіскен кезде жауап:

орталық органдар үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің не Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрінің ЭЦҚ-мен;

жергілікті органдар үшін аумақтық әділет органы басшысының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәландырылады.

Қағаз құжат айналымы кезінде нормативтік құқықтық актіні келісу қорытындылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Құжаттама жасау қағидалары) сәйкес ресімделеді.»;

58-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«58. Нормативтік құқықтық актінің жобасына оның мағыналық мазмұнының өзгеруіне әкеп соғатын түзетулер енгізілген жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган ескертулерсіз келісу туралы жауап алу мақсатында жобаны қайта келісуді жүргізеді.

Әділет органдарынан ескертулерсіз келісу туралы жауап алынғаннан кейін нормативтік құқықтық актінің жобасы түпкілікті келісілген болып есептеледі және бекітуге болады.»;

69-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«69. Осы Қағидалардың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер әділет органдарына қазақ және орыс тілдерінде:

1) МО ИП арқылы электрондық түрде – олар бекітілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде;

2) қағаз түрінде – олар бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылады.

Алқалы мемлекеттік органдар мен мәслихаттар қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді ұсыну осы актілер қабылданған алқалы органның отырысы немесе мәслихаттың сессиясы өткізілген күннен кейін жеті жұмыс күнінен аспайды.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдар келіскен не бірлескен акт қабылданған жағдайларда, көрсетілген акт мемлекеттік тіркеуге:

1) МО ИП арқылы электрондық түрде – мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен не қол қойған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде;

2) қағаз түрінде – мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен не қол қойған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылады.

 Нормативтік құқықтық актілерді келіскен не қол қойған мүдделі органдардың соңғысы алқалы мемлекеттік орган болып табылған жағдайларда, ұсыну мерзімі осы актілер қабылданған не келісілген алқалы органның отырысы немесе мәслихат сессиясы өткізілген күннен кейін жеті жұмыс күнінен аспайды.»;

77-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«77. МО ИП-та мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі орталық мемлекеттік орган үшін – Қазақстан Республикасының Әділет министрі немесе оның орынбасары (вице-министр), жергілікті орган үшін – аумақтық әділет органының басшысы не оның міндетін атқарушы адам мұндай актіні мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған кезде электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актіге беріледі және электрондық тіркеу – бақылау карточкасында көрсетіледі.

Қағаз құжат айналымы жағдайында тиісті нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу орталық орган үшін – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің немесе вице-министрдің, жергілікті орган үшін – аумақтық әділет органы басшысының не оның міндетін атқарушы адамның мемлекеттік тіркеу туралы (нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытындыларды бекіту) шешім қабылдап, тіркеу нөмірі мен күнін бере отырып, негізгі нормативтік құқықтық акт төлнұсқасының және оның көшірмелерінің әрбір данасының бірінші парағының оң жақ жоғарғы бұрышына мөртабан қоюды да қамтиды.

Қағаз құжат айналымы кезінде нормативтік құқықтық актінің әрбір жіберілетін данасына және оның көшірмесіне нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытынды қоса беріледі.

Тіркелген нормативтік құқықтық актінің қағаз түріндегі көшірмесі әділет органдарында сақталады, ал басқа даналары әзірлеуші мемлекеттік органға (әзірлеуші жауапты мемлекеттік органға) жіберіледі.

Нормативтік құқықтық актілер үшін нормативтік құқықтық актіні қағаз түрінде мемлекеттік тіркеу туралы қорытындының және мөртабанның нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрі бекітеді.».

2. «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларында:

9-тармақтың бірінші бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:

«9. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және (немесе) оның аумақтық органдарында олар нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізілген сәттен бастап бір күн ішінде автоматты түрде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде МОИП арқылы әділет органдары уәкілетті ұйымға жібереді.»;

10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«10. Осы Қағидалардың 9-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде және (немесе) оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік органдар қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде уәкілетті ұйымға жібереді.».

3. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ережеде:

12-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«4) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді, орталық мемлекеттiк органдар мен олардың ведомстволарының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;»;

14-тармақтың 14) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«14) орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, құқықтық ақпараттандыруды, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін жүргізуді қамтамасыз ету;».

 

 

 

 

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Дата публикации
15 ноября 2022