№ 917 от 09.11.2022
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Асем Бекболаткызы Мурзагалиеваның нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2016 жылғы 11 мамырында берілген № 16007650 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Ақтөбе облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Б.Мурзагаливеаның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін тапсыруын қамтамасыз етіп уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.Б.Мурзагалиеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақтөбе облысы Әділет департаментінің 2022 жылғы 27 қазанындағы № 05-04/12981 ұсынуы, Ақтөбе қалалық сотының 2022 жылғы 19 қазандағы ұйғарымы.
Вице-министр А. Мадалиев