№ 926 от 11.11.2022
Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 10-бабы 3-1- тармағына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 45-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2011 жылғы 16 қыркүйекте Гульзира Амангельдиновна Уразалинаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 11002004 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
2. Астана қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Г.А. Уразалинаның назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Астана қаласының Әділет департаментінің 2022 жылғы 10 қарашадағы № 2-05/31578 ұсынысы, Г.А. Уразалинаның 09.11.2022ж. арызы.
Вице-министр А. Мадалиев