Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 10-бабы 3- тармағына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 45-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2007 жылғы 15 қантарда Айжан Болатовна Байтургановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000724 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Алматы қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус А.Б. Байтурганованың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 2022 жылғы 07 қарашадағы №07-15/7910-И ұсынысы, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 28 қазандағы үйғарымы.

 

Вице-министр                                                                                    А. Мадалиев

 

Дата публикации
10 ноября 2022