«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 2 және 2-1-тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Жанна Куантаевна Есмурзаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2011 жылғы 14 қаңтарында берілген №0003218 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Ақтөбе облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ж.К.Есмурзаеваның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін тапсыруын қамтамасыз етіп уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж.К.Есмурзаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақтөбе облысы Әділет департаментінің 2022 жылғы 27 қазанындағы № 05-04/12993 ұсынуы, Ақтөбе облыстық прокуратурасының 2022 жылғы 15 қыркүйегіндегі № 221500031000005 қылмыстық ісі бойынша айыптау актісі.
Вице-министр А. Мадалиев