Уәкілетті органдармен үйден шығару (қоныстандыру), бұзу, баламен қарым-қатынас жасау және баланың тұрғылықты жерін айқындау тәртібі туралы атқарушылық құжаттарды орындау бойынша өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Уәкілетті органдармен үйден шығару (қоныстандыру), бұзу, баламен қарым-қатынас жасау және баланың тұрғылықты жерін айқындау тәртібі туралы атқарушылық құжаттарды орындау бойынша өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

2.  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

2) осы бұйрықтың көшірмесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мүдделі жергілікті атқарушы органдарына мәлімет үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

3.  Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4.  Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Әділет министрі

 

          Қ. Мусин

қосымша
Дата публикации
02 ноября 2022