№ 903 от 02.11.2022
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2010 жылдың
28 қарашасында Турсун Жакановна Кожановаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0004041 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылдың 01 қазанына дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
Т.Ж. Кожанованың, адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысының Әділет департаментінің 03.10.2022 жылғы шығ. № 06-19/7610 ұсынысы, Т.Ж. Кожанованың өтініші.
Вице-министр А. Мадалиев