№ 902 от 02.11.2022
Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 33-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Тегін өзгертуіне байланысты, Айсулу Ахметовна Тыштыбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылы 07 мамырында берілген №12003024 мемлекеттік лицензиясы Айсулу Ахметқызына қайта ресімделсін.
2. 2012 жылы 07 мамырындағы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 12003024 мемлекеттік лицензиясы жарамсыз деп танылсын.
3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) Лицензияны қайта ресімдеу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру бойынша іс-шаралар қабылдасын.
4. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Вице-министр А. Мадалиев