Лицензияның қолданысын қайта жалғастыру туралы

№ 872 от 20.10.2022 

Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылдың 6 қыркүйегінде Нұрболат Қапарұлына адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №19018389 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта жалғастырылсын.

2. Қарағанды облысының Әділет департаменті осы бұйрық туралы
Н. Қапарұлын, Қарағанды облысының адвокаттар алқасын, құқық қорғау органдарының орталық аппараттарын және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органын хабардар ету бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) адвокаттық қызметпен айналысу берілген Лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізілсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: Н. Қапарұлының 17.10.2022 жылғы өтініші, жеке сот орындаушы  А.К.

Каймульдиновтың 14.10.2022 жылғы қаулысы.

 

Вице-министр                                                                                   А. Муканова

 

 

 

 

Дата публикации
31 октября 2022