№ 894 от 27.10.2022
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Салтанат Аскарбековна Каирбековаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2010 жылғы 10 желтоқсанда берілген № 0003158 мемлекеттік лицензияның қолданысы 2023 жылдың 31 мамырына дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус С.А. Каирбекованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус С.А. Каирбекованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: нотариус С.А. Каирбекованың өтініші және ЩҚО Әділет департаментінің 2022 жылғы 21 қазандағы № 01-03/10237 ұсынуы.
Вице-министр А. Мадалиев