Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 888 от 27.10.2022

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1.  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2022 жылғы
21 қазанда Жанна Бекбулатовна Ныгыбаеваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 22019751 мемлекеттік лицензиясының қолданысы мерзімі 2022 жылдың 31 қазанынан бастап 6 ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2.  Павлодар облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
Ж.Б.Ныгыбаеваның, адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.

3.  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4.  Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Тленчиевке жүктелсін.

5.  Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: адвокат Ж.Б.Ныгыбаеваның өтініші, Павлодар облысытық адвокаттар алқасының 22.10.2022ж. №1-06.604 ұсынысы.


Вице-министр                                                                                           А. Мадалиев

 

 

Дата публикации
27 октября 2022