№ 891 от 27.10.2022
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Лаззат Мыхтыбековна Орынбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылғы 30 сәуірде берілген № 13006555 мемлекеттік лицензияның қолданысы 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Шымкент қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Л.М. Орынбаеваның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Л.М. Орынбаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: нотариус Л.М. Орынбаеваның өтініші және Шымкент қаласы Әділет департаментінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 02-23-05/5323-И ұсынуы.
Вице-министр А. Мадалиев