БҰЙЫРАМЫН
1. «Жеке сот орындаушыларының, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының ақпаратты ұсыну нысаны мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 259 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18999 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:»;
көрсетілген бұрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрықтың 1 және 2- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі Қ. Мусин