№ 883 от 22.10.2022
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1- тармағы 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2005 жылғы 30 қарашада Екатерина Геннадьевна Плугинаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000291 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Қарағанды облысы Әділет департаментіне:
1) нотариаттық палатамен бірге жекеше Е.Г. Плугинаның мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;
2) жекеше нотариус Е.Г. Плугинаның мөрін жою ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Қарағанды облысы әділет департаментінің 2022 жылғы 10 қазандағы №6-1-2/2170 ұсынысы.
Вице-министр А. Мадалиев