Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 880 от 22.10.2022

Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 10-бабы 3- тармағына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 45-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2007 жылғы 21 мамырда Альмира Юрьевна Танабаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 14007108 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2.  Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус А.Ю. Танабаеваның назарына жеткізсін.

3.  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4.  Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5.  Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Негізі: Ақмола облысының Әділет департаментінің 2022 жылғы 20 қазандағы №06-13/1245-И ұсынысы, Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 12 қазандағы қаулысы.

 

Вице-министр                                                                                    А. Мадалиев

 

Дата публикации
22 октября 2022