№ 879 от 22.10.2022
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1- тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2010 жылғы 1 наурызда Алтыншаш Макатовна Мусалимоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0002898 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Алматы қаласы Әділет департаментіне:
1) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.М.Мусалимованың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;
2) жекеше нотариус А.М. Мусалимованың мөрін жою ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: 2022 жылғы 24 тамыздағы Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы.
Вице-министр А. Мадалиев