№ 882 от 22.10.2022
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1- тармағы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2022 жылғы 30 маусымында Алия Каиргалиевна Алмагамбетоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №22012138 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Астана қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты А.К.Алмагамбетованың және нотариаттық палатаның назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: 2022 жылдың 20 қазанындағы «Е-лицензиялау» АҚ жүйесі арқылы түскен А.К.Алмагамбетованың №22535577 өтініші.
Вице-министр А. Мадалиев