№ 877 от 21.10.2022
Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 33-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Тегін өзгертуіне байланысты, Жанна Бекбулатовна Тергемесоваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына 2018 жылдың 26 маусымында берілген № 18012647 мемлекеттік лицензиясы Жанна Бекбулатовна Ныгыбаеваға қайта ресімделсін.
2. 2018 жылдың 26 маусымында адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 18012647 мемлекеттік лицензиясы жарамсыз деп танылсын.
3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) адвокаттар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) лицензияны қайта ресімдеу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру бойынша іс-шаралар қабылдасын.
4. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Вице-министр А. Мадалиев