№ 874 от 20.10.2022
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1- тармағы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2005 жылғы 14 қазанда Серик Джубанышевич Игильмановқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000226 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментіне:
1) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус С.Д. Игильмановқа мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;
2) жекеше нотариус С.Д. Игильмановтың мөрін жою ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2022 жылғы 13 қазандағы № 5-7520 ұсынысы, Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық сотының 2022 жылғы 28 шілдедегі үкімі, Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 1 қыркүйегіндегі қаулысы.
Вице-министр А. Мадалиев