Лицензияның күшін тоқтату туралы

№ 863 от 14.10.2022 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1- тармағы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2014 жылғы 18 қыркүйекте Азилхан Адилханович Мукашевке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 14013787 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2.  Жамбыл облысы Әділет департаментіне:

1) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.А. Мукашевке мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;

2) жекеше нотариус А.А. Мукашевтің мөрін жою ұйымдастырылсын.

3.  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін.

4.  Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5.  Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.    

Негізі: Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2022 жылғы 6 қазандағы №4-4-24/2231-И ұсынысы, Жамбыл облысының Шу аудандық сотының 2022 жылғы 28 шілдедегі үкімі.

 

 

Вице-министр                                                                               А. Ахметова

 

 

Дата публикации
14 октября 2022