2020 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «таза парақтан» реттеуді енгізуді тапсырды, бұл Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеуші саясатты көздейді.
Әділет министрлігі құрған жұмыс тобы шеңберінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы (27 топ) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін қалыптастыру және реттеуші актілерді қайта қарау мақсатында «Атамекен» ҰКП өкілдері мен бизнес-қоғамдастық сарапшыларының қатысуымен 2022 жылдың тамыз – қыркүйек айларында 4 кеңес өткізілді, оның барысында «таза парақтан» реттеушілік саясат бойынша жүргізілетін жұмыс шеңберінде талдауға (қайта қарауға) жататын реттеушілік актілер тізбесі айқындалды.
2022 жылғы 30 қыркүйекте Әділет министрлігі Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен сараптамалық жұмыс тобымен бірлесіп 27 топ бойынша реттеу актілеріне талдау жүргізіп, аяқтады.
Жұмыс тобы зияткерлік меншік саласындағы 8 реттеуші актіні қарады.
Талдау қорытындысы бойынша 64 талап анықталды, оның ішінде өзгертуге жататын заңнаманың 14 талабы белгіленді.
Атап айтқанда:
- авторлық тапсырыс шарты шеңберінде авторларға сыйақы төлеу шарттарын нақтылау;
- фонограмма өндірушінің және орындаушының келісімінсіз коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы пайдалану кезінде сыйақы мөлшері мен оны төлеу шарттарын айқындау;
- мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның пайдаланушылармен лицензиялық шарттар жасасудан бас тартуын нақтылау;
- өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу үшін сараптама жасау ұйымына берілетін құжаттарға қойылатын талаптарды нақтылау бойынша нормаларды өзгерту ұсынылды.
Қазіргі уақытта тиісті нормативтік актілерге өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.