Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жандандыру мақсатында а. ж. 3-тоқсанындағы құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша аумақтық әділет органдарының қызметіне талдау жүргізілді.
Аумақтық әділет органдарының ұсынған деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында 9 901 іс-шара өткізілді (107 – семинарлар, 74 – дөңгелек үстелдер, 112 – кездесулер, 19 – теледидарда сөз сөйлеу, 22 – радиода, 149 – дәрістер, 63 – газеттерде жарияланған мақалалар, 96 – ақпараттық – жаңалықтар порталдарындағы материалдар, 8552 – қоғамдық орындарда бейнероликтер мен ақпараттар трансляциясы, 45 – бейнероликтерді телидидарда көрсету, 662 – областардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттерінің ресми сайттары мен әлеуметтік желілердегі парақшаларына материалдар орналастыру).
Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттеріне жіберілген зияткерлік меншік саласындағы халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірленді.
Зияткерлік меншік саласындағы құқықтық түсіндіру жұмысы жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес (2022 жылғы 28 сәуірде бекітілген):
- «ҰЗМИ» РМК өкілдерінің қатысуымен Зияткерлік меншік объектілерін тіркеу бойынша семинарлар;
- ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқарушы ұйымдарды тарта отырып, оқу орындарында авторлармен және орындаушылармен шығармашылық кездесулер, дәрістер;
- ірі кәсіпорындардағы кездесулер («Magas Servis» ЖШС (Алматы облысы), «Altyntau Kokshetau» АҚ (Ақмола облысы), «Баян Сұлу» АҚ (Қостанай облысы), «Алюминий Қазақстан» АҚ, «Жана роса» АҚ (Павлодар облысы) және т. б.);
- «Атамекен» ҰКП тарта отырып, сауда-ойын-сауық орталықтарының өкілдерімен дөңгелек үстелдер;
- зияткерлік меншік саласындағы новеллаларды түсіндіру бойынша өңірлік кәсіпкерлер палаталарындағы кездесулер, семинарлар;
- оқу орындарында (мектептер, колледждер) танысу кездесулері;
- аумақтық әділет органдарының қызметкерлеріне арналған оқыту вебинарлары («ҰЗМИ» РМК ай сайын өткізіледі) а. ж. 3-тоқсанында өткізді.
Барлық іс-шаралар Министрліктің және облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттерінің интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілердегі ресми беттерде жарияланды, сондай-ақ ведомстволық журналдар мен БАҚ-та мақалалар жарияланды.
Министрліктің интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілерін зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі материалдармен толықтыру тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Министрліктің Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында «Бір шыныаяқ шайда қанша зияткерлік меншік нысаны бар» тақырыбында хабарлама жарияланды (https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid06Rfak1Th6HmxncooheSk5Zhxukm1oVWx6L4dErsqi7KCEHpEHpW79veyoVVVJcY9l&id=100064651693597,https://www.instagram.com/p/Cfn41OjrEmH/?igshid=YmMyMTA2M2Y=).
2022 жылғы 8 шілдеде онлайн форматта Әділет Вице-министрі А.Е. Ахметованың «Apple Inc.» компаниясының өкілдерімен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кездесуі өтті, әлеуметтік желілерде(https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/398492?lang=ru) Министрліктің интернет-ресурсында (https://www.instagram.com/p/CfwOYw0MtIY/?igshid=YmMyMTA2M2Y=) және БАҚ-та (DK news) (https://dknews.kz/ru/v-strane/244380-sostoyalas-vstrecha-vice-ministra-yusticii-s) жарияланды.
Бұдан басқа, Министрліктің сайтында және әлеуметтік желілерінде «Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында мақала жарияланды (https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/article/details/93028?lang=ru).
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Instagram және Facebook ресми парақшаларында «Туынды және композициялық туындылардың не екенін білесің бе?» тақырыбында бейнежазбалар орналастырылды(https://www.instagram.com/reel/ChUJ6apgJD5/?igshid=YmMyMTA2M2Y=).
«Параграф» ақпараттық порталында «Пайдалы модельдерді құқықтық қорғау» мақаласы және Әділет вице-министрі А.Е. Ахметованың «Авторлық құқық саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы» мақаласы жарияланды (https://online.zakon.kz/m/amp/document/39847620).
ЗМҚД директоры Е. М. Алтынбековтың «Kazakhstan Amends Legislation to Strengthen Protection of Intellectual Property Rights» мақаласы «The Newjurist» (Ұлыбритания) халықаралық құқық журналында жарияланған (https://newjurist.com/kazakhstan-amends-legislation-to-strengthen-protection-of-intellectual-property-rights.html, https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/425224?lang=ru) .
«Қазақстанның зияткерлік меншігі» журналында «Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру» атты мақала (№ 2 шығырылым, 22 бет) жарияланды .
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.