Лицензиялар беру туралы

№ 857 от 13.10.2022 

«Нотариат туралы»  Қазақстан  Республикасы Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мына адамдарға:

Әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен:

Дана Маратовна Мусапироваға;

Айгуль Казбековна Сарсенбаеваға;

Гулзия Жолдыбаевна Абуоваға;

Назгуль Нуржумановна Кабыловаға;

Малика Таировна Назхановаға;

Диас Бекбергенович Таженовке;

Алексей Анатольевич Ларинге;

Серик Жайыкович Жайыковқа;

Динара Женисовна Ергельдиноваға;

Жанбусын Женисович Ергельдиновке;

Темірлан Алпысбайұлына нотариаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиялар берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1) жекеше нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына берілген лицензиялар туралы ақпаратты орналастырсын.

3. «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорымен салыстыру жүргізілді.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т.Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорына сәйкес құжаттар.

Вице-министр                                                                             А. Ахметова

 

Дата публикации
13 октября 2022