Лицензиялар беру туралы

№ 849 от 11.10.2022

«Нотариат туралы»  Қазақстан  Республикасы Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мына адамдарға:

Әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен:

Алтай Елеусизович Кенжегуловқа;

Серикбай Балтабайұлы Алтынбековке;

Ерлан Калиевич Балтабаевқа;

Галия Бегмановна Алпысбаеваға;

Айым Куралбековна Койбаковаға;

Айгуль Адильбаевна Рахимоваға;

Лазат Касимовна Козбагароваға;

Алла Викторовна Тронинаға;

Гульмира Ашимхановна Ахатаеваға;

Асанали Абдраевич Дулатбековке;

Болат Мадылханович Мырзажигитовке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиялар берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1) жекеше нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына берілген лицензиялар туралы ақпаратты орналастырсын.

3. «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорымен салыстыру жүргізілді.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т.Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорына сәйкес құжаттар.

 

Вице-министр                                                                             А. Мадалиев

 

Дата публикации
11 октября 2022