Лицензияның күшін тоқтату туралы

№ 846 от 10.10.2022  

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1- тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1998 жылғы 10 тамызда Акмарал Муканбетжановна Оспановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000205 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2.  Астана қаласы Әділет департаментіне:

1) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.М. Оспанованың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;

2) жекеше нотариус А.М. Оспанованың мөрін жою ұйымдастырылсын.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін.

4.  Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: 2022 жылғы 25 сәуірдегі Астана қаласы №2 Сарыарқа аудандық сотының үкімі және Астана қаласы Әділет департаментінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 2-05/8074-И ұсынысы

 

Вице-министр                                                                                 А. Мадалиев

 

Дата публикации
10 октября 2022