Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 847 от 10.10.2022 

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 34 -бабы 2- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Айжан Болатовна Байтургановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2007 жылғы 15 қаңтарда берілген № 0000724 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2022 жылғы 18 сәуірдегі №218/22-75-4812 атқарушылық іс жүргізу бойынша қарызы толық өтелгенге дейін тоқтатыла тұрсын.

2.  Алматы қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Б. Байтурганованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.Б. Байтурганованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

3.  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры А.Т. Тленчиевқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Алматы қаласы Әділет департаменті 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 07-15/6593-И ұсынуы.

Вице-министр                                                                               А. Мадалиев

Дата публикации
10 октября 2022