№ 831 от 04.10.2022
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың
17 наурызында Юрий Алексеевич Мельниковқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0002134 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2022 жылдың 30 қарашасына дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Алматы қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты
Ю.А. Мельниковтың, Алматы қаласының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы қалалық адвокаттар алқасының 02.09.2022 жылғы шығ. № 1-372 өтінішхаты, Ю.А. Мельниковтың өтініші.
Вице-министр А. Мадалиев