Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 836 от 06.10.2022

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1.  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылдың
21 тамызында Жандос Нурахметович Абдыкаримовқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 12009034 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2027 жылдың 20 қыркүйегіне дейін тоқтатыла тұрсын.

2.  Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
Ж.Н. Абдыкаримовтың, адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.

3.   Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4.  Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5.  Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Ақмола облысының Әділет департаментінің 2022 жылдың 08 қыркүйектегі шығ. №06-19/6955 ұсынысы, Ж.Н. Абдыкаримовтың 2022 жылдың  06 қыркүйектегі өтініші.

Вице-министр                                                                              А. Мадалиев

 

Дата публикации
07 октября 2022