Қазақстан Республикасы Әділіт министрлігінің «Лицензиядан айыру туралы» 2022 жылғы 18 қаңтардағы №39 бұйрығының күшін жою туралы

№ 839 от 06.10.2022

«Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрлеріне мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелеріне қол қою өкілеттігін беру туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушысының 2019 жылғы 2 қазандағы № 488 бұйрығының 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Олжас Бакытұлы Ахметзакиевке жеке сот орындаушысы қызметімен айналасуға берілген мемлекеттік лицензиясынан айыру туралы 2022 жылғы 18 қаңтардағы №39 бұйрықтың күші жойылсын.
  2. Астана қаласы Әділет департаменті және Қазақстан Республикасының Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы осы бұйрықтан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
  3. Мәжбүрлеп орындау департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған лицензиясының қолданысын жаңарту туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындау департаментіне жүктелсін (Д. Игембаев).
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

        

Негізі: Қазақстан Республикасы Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 18 мамырдағы №6001-22-00-3гп/168.

 

 

Вице-министр                                                             А. Мадалиев

Дата публикации
07 октября 2022