Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 833 от 04.10.2022

 

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2002 жылы 09 тамызында Арман Мейрамханович Ташетовке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001133 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
  2. Астана қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус А.М.Ташетовтың назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиева жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

        

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің ұсынысы және А.М.Ташетовтың арызы.  

Вице-министр                                                                               А. Мадалиев

 

Дата публикации
06 октября 2022