Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 830 от 04.10.2022

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Роза Абибуллаевна Танбергеноваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылғы 12 шілдеде берілген № 13011127 мемлекеттік лицензияның қолданысы алты айға дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Шымкент қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Р.А. Танбергенованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Р.А. Танбергенованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

  1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры А.Т. Тленчиевқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаменті 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 02-23-05/4937-И ұсынуы.

 

 

Вице-министр                                                                               А. Мадалиев

Дата публикации
06 октября 2022