Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 828 от 04.10.2022

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы                2-1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Алтынжан Бауыржанұлы Әбдірахмановқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2003 жылғы 28 желтоқсанда берілген № 0003191 мемлекеттік лицензияның қолданысы 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Астана қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Б. Әбдірахмановтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.Б. Әбдірахмановтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

  1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: нотариус А.Б. Әбдірахмановтың өтініші және Астана қаласы Әділет департаментінің 2022 жылғы 27қыркүйектегі № 2-05/26772 ұсынуы.

 

Вице-министр                                                                              А. Мадалиев

Дата публикации
06 октября 2022