Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 824 от 03.10.2022

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Самал Талгатовна Алимбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 30 желтоқсанда берілген № 14020859 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылдың 20 қыркүйегіне дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Астана қаласы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус С.Т. Алимбаеваның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус С.Т. Алимбаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 22.09.2022ж. №4-05/25745 ұсынысы.

 

Вице-министр                                                                           А. Мадалиев

Дата публикации
04 октября 2022