Алдағы жария тыңдау туралы хабарландыру

Тыңдауды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласы Мәңгілік Ел даңғылы, 8 Министрліктер үйі, 13-кіреберіс; 

Тыңдауды өткізу күні, орны және уақыты: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, ZOOM арқылы, 2022 жылғы 27 қазанда, сағат 15.00; 

Подключиться к конференции Zoom
https://us02web.zoom.us/j/89021269368?pwd=ekRzRzJHeVNNWE9tYWxvL0lZTUQ2QT09

Идентификатор конференции: 890 2126 9368
Код доступа: 812379

Субъектінің атауы: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Хабарлама немесе ақпарат берілген баға жобаларын жариялауға мемлекеттік монополияға жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрі:

- ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындысы бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды беру;

- жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру.

Бағалар «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығына сәйкес есептелген.

Уәкілетті мемлекеттік органның ақпарат алуға болатын байланыс телефондары: 8 (7172) 55 88 28.

Субъектінің ақпарат алуға болатын байланыс телефондары:  8 (7172) 95-50-38, ішкі 135, ұялы тел. 87716656035.

Уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсының мекенжайы: adilet.gov.kz

Субъектінің интернет-ресурсының мекенжайы (бар болса): gov4c.kz

Жария тыңдаулар - бұл тұтынушыларды, монополияға қарсы органның, мемлекеттік қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік монополия субъектілерін шақыра отырып, уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетін мемлекеттік монополияға жатқызылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бағаларының жобасын талқылау рәсімі.

Проект прейскуранта цен на услуги по государственному техническому обследованию зданий, сооружений и (или) их составляющих
Дата публикации
29 сентября 2022