№ 812 от 27.09.2022
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 8 қыркүйектегі қаулысының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрінің 2020 жылғы 23 маусымдағы №121 «Лицензиядан айыру туралы» бұйрығының күші жойылсын.
2. Аманжол Нурланович Мухамедьяровқа Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң көмегін көрсету комитетімен 2012 жылдың 1 наурызында адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 12000725 лицензиясының қолданысы қайта жаңартылсын.
3. Астана қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты Аманжол Нурланович Мухамедьяровтың, Астана қаласының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А. Т. Тленчиевке жүктелсін.
6. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 8 қыркүйектегі қаулысы; А.Н. Мухамедьяровтың 2022 жылғы 16 қырқүйектегі өтініші.
Вице-министр А. Муканова