БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыраулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы электрондық және қағаз жеткізгіштегі акт жазбаларының, куәліктер мен анықтамалардың нысандарын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 181-6абы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
2) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
4) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
5) тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін туу туралы куәліктің осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
6) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін неке қию (ерлі-зайыптылықты) туралы куәліктің осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
7) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
8) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін қайтыс болу туралы куәліктің осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
9) тууды мемлекеттік тіркеу туралы қалпына келтірілген акт жазбасының осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
10) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы қалпына келтірілген акт жазбасының осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
11) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы қалпына келтірілген акт жазбасының осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
12) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы қалпына келтірілген акт жазбасының осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
13) тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланы туу туралы анықтаманың осы бұйрықтың 13-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
14) тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін баланың өлі туғаны туралы анықтаманың осы бұйрықтың 14-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
15) тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін туу туралы анықтаманың осы бұйрықтың 15-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
16) тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін туу туралы анықтаманың осы бұйрықтың 16-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
17) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы анықтаманың осы бұйрықтың 17-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
18) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы анықтаманың осы бұйрықтың 18-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
19) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін қайтыс болу туралы анықтаманың осы бұйрықтың 19-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
20) азаматтық хал актілері ақпараттық жүйесінің мәліметтері негізінде берілетін некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманың осы бұйрықтың 20-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
21) тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының осы бұйрықтың 21-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі нысаны;
22) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының осы бұйрықтың 22-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі нысаны;
23) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының осы бұйрықтың 23-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі нысаны;
24) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының осы бұйрықтың 24-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі нысаны;
25) тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін туу туралы куәліктің осы бұйрықтың 25-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі нысаны;
26) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін неке қию (ерлі-зайыптылықты) туралы куәліктің осы бұйрықтың 26-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі нысаны;
27) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің осы бұйрықтың 27-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі нысаны;
28) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін қайтыс болу туралы куәліктің осы бұйрықтың 28-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі нысаны;
29) тууды мемлекеттік тіркеу туралы қалпына келтірілген акт жазбасының осы бұйрықтың 29-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі нысаны;
30) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы қалпына келтірілген акт жазбасының осы бұйрықтың 30-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі нысаны;
31) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы қалпына келтірілген акт жазбасының осы бұйрықтың 31-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі нысаны;
32) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы қалпына келтірілген акт жазбасының осы бұйрықтың 32-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі нысаны;
33) тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланы туу туралы анықтаманың осы бұйрықтың 33-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі нысаны;
34) тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін баланың өлі туғаны туралы анықтаманың осы бұйрықтың 34-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі нысаны;
35) тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін туу туралы анықтаманың осы бұйрықтың 35-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі нысаны;
36) тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін туу туралы анықтаманың осы бұйрықтың 36-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі нысаны;
37) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы анықтаманың осы бұйрықтың 37-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі нысаны;
38) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы анықтаманың осы бұйрықтың 38-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі нысаны;
39) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін қайтыс болу туралы анықтаманың осы бұйрықтың 39-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі нысаны;
40) азаматтық хал актілері ақпараттық жүйесінің мәліметтері негізінде берілетін некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманың осы бұйрықтың 40-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі нысаны;
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39 және 40-қосымшаларға сәйкес 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39 және 40-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.