Лицензиядан айыру туралы

№ 802 от 22.09.2022

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2016 жылғы
28 сәуірде Асхат Мухитович Жакуповқа адвокаттық қызметпен айналысуға арналған № 16007082 мемлекеттік лицензиясынан айырылсын.

2. Алматы облысының Әділет департаменті:

1) А.М. Жакуповтың адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиясынан айырылғаны туралы Алматы облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

 2) А.М. Жакуповтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

 1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

  2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: 2022  жылдың 27 тамыздағы Алматы облысы Әділет департаментінің №06-32/1125--И ұсынысы және Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының 2022 жылғы 3 мамырдағы №7520-22-00-2/726 шешімі.

 

 

Вице-министр                                                                              А. Муканова

Дата публикации
23 сентября 2022