Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

№ 801 от 22.09.2022 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44 бабы 3-тармағы 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2013 жылғы
30 сәуірде Айнур Асетовна Сейфулинаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 13006519 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Жетісу облысы Әділет Департаменті:

1) А.А. Сейфулинаның адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Жетісу және Алматы облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

2) А.А. Сейфулинаға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: Жетісу облысы Әділет департаментінің 2022 жылғы 24 тамызындағы шығ.  №06-32/1108--И ұсынысы, Алматы қаласының Әуезов аудандық сотының 2015 жылғы 13 мамырдағы үкімі.

 

 

Вице-министр                                                                                   А. Муканова

 

Дата публикации
23 сентября 2022