Қазақстан Республикасы құзыретін таныған адам құқықтары жөніндегі шарттық органдарының сұрау салулары мен пайымдауларын қарау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті

А.ж. 13 қыркүйекте Әділет Вице-министрі А. Ахметованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы құзыретін таныған адам құқықтары жөніндегі шарттық органдарының сұрау салулары мен пайымдауларын қарау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының (бұдан әрі – ВЖТ) отырысы өтті.

ВЖТ отырысы барысында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің Ж.Кенжегуловтың № 2549/2015, Ж.Секербаеваның № 2550/2015, Г.Архангельскийдің № 2538/2015, Б.Албанидің № 2539/2015, Р.Джуманбаевтың № 2544/2015, В.Самыконың № 3180/2018 хабарламаларына қатысты пайымдаулары мен сұрау салулары қаралды.

Отырысқа Жоғарғы Сот, Бас прокуратура және Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты.

Қарау нәтижелері туралы а.ж. 20 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің веб-сайтында хабарланатын болады.

 

 

Дата публикации
14 сентября 2022