№ 791 от 20.09.2022
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2008 жылдың 10 шілдеде Бауыржан Кожамсейтович Сулейменовтың атына адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0002123 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта жалғастырылсын.
2. Алматы облысының Әділет департаменті осы бұйрық туралы
Б.Қ.Сулейменовты, Алматы облысының адвокаттар алқасын, құқық қорғау органдарының орталық аппараттарын және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органын хабардар ету бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) адвокаттық қызметпен айналысу берілген Лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізілсін.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: 2022 жылдың 14 қыркүйектегі адвокат Б.Қ. Сулейменовтың өтініші.
Вице-министр А. Мадалиев