№ 784 от 16.09.2022
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2011 жылдың
10 қазанында Жанат Еркенович Урумбаевқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 11002375 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылдың 27 тамызына дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
Ж.Е. Урумбаевтың, адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысының Әділет департаментінің 2022 жылдың 22 тамыздағы шығ. № 06-19/6558 ұсынысы, Ж.Е.Урумбаевтың 2022 жылдың 17 тамыздағы өтініші.
Вице-министр А. Мадалиев