Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

№ 776 от 12.09.2022

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2002 жылдың
29 сәуірінде Жамал Султановна Омароваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003732 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Қостанай облысы Әділет департаменті:

1) Ж.С. Омарованың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Қостанай облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

2) Ж.С. Омароваға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.   

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: Қостанай облысы Әділет департаментінің 16.08.2022 жылғы ұсынысы, 17.06.2022 жылғы № 20-653-22-0000328 қайтыс болу туралы акт жазбасы.

 

 

Вице-министр                                                                                   А. Мадалиев

 

Дата публикации
13 сентября 2022