Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 753 от 05.09.2022 

Қазақстан Республикасы «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 34-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылдың 6 қыркүйекте Нұрболат Қапарұлына адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №19018389 мемлекеттік лицензиясының қолданысы сот шешімі толық орындалғанға дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Қарағанды облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
Н. Қапарұлының, адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Нұр-сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының 06.06.2022 ж. №7111-22-00-2м/2548 ұйғарымы.

 

 

Вице-министр                                                                           А. Мадалиев

 

Дата публикации
12 сентября 2022