О приостановлении действия лицензии

№ 759 от 07.09.2022 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы  2- тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Ляззат Тохтаровна Жанасоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 1998 жылдың 10 тамызында берілген №0000103 мемлекеттік лицензияның қолданысы 6 айға тоқтатыла тұрсын.

2. Жамбыл облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Л.Т. Жанасованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Л.Т. Жанасованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2022 жылғы 05 тамыздағы  № 4-4-16/11074 ұсынысы.

 

Вице-министр                                                                          А. Мадалиев

Дата публикации
09 сентября 2022