Әділет, ішкі істер, экономикалық тергеу және мемлекеттік кірістер органдарымен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдануда.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында аумақтық әділет органдары Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстанда қорғалатын тауар белгілерін пайдалану бойынша 1 тексеру жүргізді.
«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 жарлығына сәйкес шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулер жүргізілмейді. Осыған байланысты жүргізілген тексерулер саны айтарлықтай азайды.
Жүргізілген тексерулер нәтижесінде 1 құқық бұзушылық анықталды.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 158-бабы бойынша 1 іс қозғалды, әкімшілік жауапкершілікке 1 адам тартылды.
Айыппұлдардың жалпы сомасы 122 мың 520 теңгені құрады. Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 1 млн. 626 мың 240 теңге құрайтын 744 бірлік контрафактілік өнімдер тәркіленді.
Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде авторлық және сабақтас құқық бұзушылықтармен байланысты қылмыстарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған кешенді міндеттерді жүзеге асырады.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 198-бабы (авторлық және сабақтас құқық бұзушылық) бойынша өндірісте 7 қылмыстық іс болды, оның ішінде ағымдағы жылы тіркелгені – 3.
Өндірісте болған істер санынан бір қылмыстық іс аяқталды (тараптардың татуласымен тоқтатылды), қалғандары өндірісте.
Құқық иеленушілердің болмауына және келтірілген шығынның аздығы себебінен (200 АЕК-ден кем) 13 материал бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының болмауынан (Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігі және 36-бабы ) тоқтатылды.
Ағымдағы жылғы 25-27 сәуір аралығында республика аумағында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға, сондай-ақ еркін айналымда тыйым салынған өнімдерді заңсыз тарататын адамдарды анықтауға бағытталған «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді.
Заңсыз айналымнан 2 мыңға жуық бірлік контрафактілік өнім, оның ішінде 1795 контрафактілік СD-DVD дискі, 101 – лицензиясы жоқ бағдарламалық қамтамасыз етулер және 17 өзгеде өнімдер (флэш-карталар, компьютерлер) алынды.
Одан басқа, ішкі істер органдары киберқылмысқа қарсы іс-қимыл және авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау желісі бойынша қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға көп назар аударады.
Жыл сайын ведомстволық оқу орындарында құқық иеленушілердің, сондай-ақ шетелдік және отандық сарапшылардың қатысуымен біліктілікті арттыру курстары өтеді.
Ағымдағы жылдың 6-11 маусым аралығында аумақтық полиция органдары бөліністерінің қызметкерлері үшін «Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзуды анықтау және ашу» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өтті.
Мемлекеттік кірістер органдарының Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінде 2022 жылдың 1 шілдесі жағдай бойынша 8011 тауарлардың атауы бойынша 870 тауар белгісі (244 құқық иеленуші) бар.
Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі негізінде 2022 жылдың 6 айында аумақтық мемлекеттік кірістер органдары жалпы құны 5,8 млн. АҚШ долл. болатын зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу белгілері бар 362 тауарға арналған декларациялар бойынша тауарларды шығару тоқтатылды.
Көрсетілген кезеңде мемлекеттік кірістер органдары «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 158-бабы бойынша зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзғаны үшін қазіргі уақытта сот органдарының қарау сатысында тұрған 9 әкімшілік іс қозғады.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша қаржы мониторингі органдарының аумақтық бөлімшелері зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзу фактілері бойынша 6 сотқа дейінгі тергеуді тіркеді (ҚР ҚК 198 – бабы-1 іс, ҚР ҚК 222-бабы-5 іс), оның ішінде контрафактілік өнім өндіру бойынша 2 жасырын цехтың қызметінің жолын кесті - тұрмыстық химия «The Procter & Gamble Company» компаниясына және «Август» фирмасы ЖАҚ-қа тиесілі әр түрлі маркалар, оларға келтірілген шығын сомасы 25,5 млн.теңгені құрады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттіктің жауапты лауазымды тұлғалары контрафактілік өнімге қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырыстарына қатысады.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы аппеляциялық кеңес 10 отырыс өткізді, олардан – 48 шешім қабылданды, оның ішінде қанағаттандырылғаны – 13, бас тартылғаны – 21, ішінара қанағаттандырылды – 14, қараудан бас тартылды – 0.
48 шешімнің ішінде 8 апелляциялық шағым берілді (сот шемімен күші жойылды - 1)