№ 763 от 08.09.2022
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Келесі адамдарға:
1. Прокурор және тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілімен прокуратура және тергеу органдарынан босатылған:
Мейрам Кошкарович Асилбековқа;
Адилжан Ержанович Мауткановқа.
Әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен:
Ренат Нургалиевич Дауылбаевқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиялар берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) адвокаттар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына берілген лицензиялар туралы ақпаратты орналастырсын.
3. «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорымен салыстыру жүргізілді.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорына сәйкес құжаттар.
Вице-министр А. Мадалиев